№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

№29 (8943) 21

21 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Шахмат: балалар біріншілігі

Шахмат: балалар біріншілігі


Өткен аптада мектеп оқушылары арасында шахматтан аудан біріншілігі мәресіне жетті. «Оқушылар үйінің» шахмат жетекшісі Мұрат Әуелбеков пен «Зерек» мектебінің шахмат үйірмесінің жетекшісі Жігер Әбіламитовтің ұйытқы болуымен мектеп базасында жасөспірімдер арасында аудандық чемпионат өтті. Кіл мықтылар бас қосқан сайыс жоғары деңгейде өрбіді.

– Дәтүрге айналған шахмат бәсекесі биыл да жалғасын тапты. Қатысқан оқушылар мен жетекшілеріне, ұстаздарына рахмет айтамыз. Алдағы уақытта бұдан да бәсі жоғары жарыстар ұйымдастырылатын болады, – деді М.Әуелбеков
Шыны керек, біздің ауданда шахмат спорты енді ғана еңсе көтеріп келеді. Үйірмелерде жүрген шәкірттерден күтер үмітіміз көп. Сондықтан осындай бәсекелердің жиі болуы аса маңызды рөлге ие.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
18 ақпан 2025 ж. 236 0