«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шахматтан оқушылар сайысты

Шахматтан оқушылар сайысты


«Ойлы болсаң,озып көр!» атты шахматтан оқушылар арасындағы аудандық жарыс №286 мектепте өткізілді. Кенттегі білім ордаларынан келген жас шахматшылар жүлде жолында бақ сынап көрді. Шахмат ойынын ауданымызда дамыту, оқушылардың ой-өрісін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аудандық жарыс жоғары деңгейде өрбіді.


Алдымен ойын ережесімен та­ныстыру, көрсету, жұптастырып отырғызу жүргізілді. №286 мектеп, №110, №163, №169, №208, №209 және «Қыран», «Сана» және «Ө.Жұмаділла» атындағы мектеп оқушылары додаға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында №286 мек­теп директоры Ләззат Машбек­қызы жарысқа қатысушыларға сәтті­лік тілеп, жылы лебізін білдір­ді. Жарысқа әділ төрелік жаса­ған төрешілер тізімінде Бақытжан Махмут, Болат Махамбетов, Нұр­сұлтан Тұрмаханов болды.
– Шахмат ойынында бір-бірі­мізге кедергі жасаймыз, алған фигурамызды жүреміз. 2 ескерту­ден кейін ойын аяқталады және Шах беріліп тұрғанда Патшаны қорғамай, басқа жүрісті жүрсе 2 ескертуден кейін дұрыс жүрмеген оқушы жеңіліс табады. Жарыс «Рапид» щвейцариялық жүйе бой­ынша жекелей жарыс негізінде өткізіледі. Әр қатысушыға партия соңына дейін ойнауға берілетін уақыт 15-30 минут. Ширек финалда ұтқан ойыншы жартылай финалға жолдама алады, іріктеуден өткен оқушылар жартылай финалға өтіп, одан соң ақтық сында бақ сынайды, – деп төрешілер ережені түсіндірді.
Сонымен тоғыз мектептен оқу­шы­лардың басын қосқан шахмат жарысы аяқталды. Марапаттау рәсімінде №286 мектептің білім жөніндегі орынбасары Гүлнар Алибекова және аудандық бі­лім бөлімінің әдіскері Нұрсұлтан Тұрмаханов сөз алды.
6-сыныптар арасында Кәусар Сейітжан жеңімпаз атанса, Парик Акежан екінші, Бекен Мұхаммеджан үшінші орынға тұрақтады. 5 сы­нып оқушылары арасында Еркеш Оразали алтыннан алқа тағынса, күміс Сейітжан Қуанышқа бұйыр­ды. Қоланы Мінуар Нұрмухам­мед қанағат тұтты. 4 сыныптар арасында Әшірап Әлихан І орын, Сайлау Ернар ІІ, Бекен Темірлан ІІІ орынды місе тұтты.

Бақытжан МАХМУТ,
№286 мектеп ұйымдастырушы
дене шынықтыру мұғалімі

16 наурыз 2024 ж. 234 0