Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Шахмат керуені»: Қызылордада 15 мыңға жуық әуесқой шахматшы бар

«Шахмат керуені»: Қызылордада 15 мыңға жуық әуесқой шахматшы бар


Еліміздің барлық аймағын аралап, турнир өткізіп жүрген «Шахмат керуені» бүгін Қызылорда қаласына ат басын бұрды. Керуеннің келуіне орай орталық алаңға жиналған жұртшылыққа облыс әкімі орынбасары Мейрамбек Шермағанбет құттықтау сөзін арнады.


«Алты Алашқа ана болған Сыр өңіріне «Шахмат керуені» келіп жатыр. Бұл –біз үшін маңызды оқиға. Өйткені облысымызда шахматтан үлкен жетістіктерге жетіп жүрген спортшыларымыз баршылық. Олардың қатарында 12 дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін әлем, жеті дүркін Азия чемпионы, облыс тарихындағы тұңғыш ФИДЕ шебері Әсел Серікбай мен тоғыз дүркін Қазақстан чемпионы, оқушылар арасында әлем, Азия чемпионы Назерке Нұрғали сияқты мақтаныштарымыз бар. Әлі де ортамыздан болашақ гроссмейстерлер шығатынына сенімдімін», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
15 қазан 2023 ж. 555 0