№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстандық жүргізушілер айыппұл төлеу бойынша рекорд жасады

Қазақстандық жүргізушілер айыппұл төлеу бойынша рекорд жасады

Бас прокуратураның мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін елемегені үшін айыппұлдардың шамамен 40%-ы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге салынған.
МӘН-ЖАЙ
2024 жылы қазақстандық жеке және заңды тұлғаларға 304,3 млрд теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.
- Прокурорлық антирейтингте екінші орында – салық саласындағы заң бұзушылықтар тұр. Үшінші орында – қоғамдық тәртіпке қатысты, мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында алкоголь ішу, тыныштықты бұзу және тағы басқасы, - делінген материалда.
Бұл ретте 2023 жылы Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қазақстандықтарға 88,7 млрд теңгеге айыппұл салынды, яғни өсім 36 пайыз болған. 
Осыдан 10 жыл бұрын — 2014 жылы – 21,672 млрд теңгеге айыппұл салынған, бұл қазіргімен салыстырғанда 6.4 есе аз.
30 қаңтар 2025 ж. 391 0