» » ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА



Бүгін "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы Жаңақорған ауданына іс сапармен келіп бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Ең алдымен Партиялық бақылау бекеті орнатылған Сайлауалды бағдарлама негізінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған Саяжай ықшам ауданындағы 600 орындық мектеп қүрылысымен танысты. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мектеп алдағы қаңтар айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. 2023 жылы бастау алған мектеп құрылысы 2024 жыл соңына дейін пайдалануға берілуі қажет болатын. Тапсырыс беруші: "Samruk-Kazyna Construction« АҚ
Мердігер: "Аман-Курылыс" ЖШС
Жоба құны 4 267 668 160 тенге.
Айта кететіні «Жайлы мектеп» жобасы аясында Жаңақорған ауданында 2 мектептің құрылысы бастау алған болатын. Оның бірі Жаңарық ауылдық округіндегі 300 орындық мектеп құрылысы ағымдағы жылдың басында пайдалануға берілген.
Мектептің жай – күйімен танысқан облыстық партия филиалының Төрағасы келесі кезектегі Жаңақорған кентіндегі Руханият орталығымен танысты.
Жаңадан бой көтеріп жатқан «Руханият орталығы» тарихи – мәдени, рухани ұйымдарды бір ортаға тоғыстыратын болады.
Руханият орталығында архив, кітапхана, аудандық дәрігерлер кеңесі, басқада аудандағы қоғамдық ұйымдар орналастырылатын болады.
2024 жылы құрылысы бастау алған. Бас мердігер – «Астана сервис Ltd» ЖШС-і. Шарт құны -1 558 030,995 мың теңге. Қазіргі таңда құрылыс 95% - ға аяқталып тұр. Құрылыс қарқыны жоғары деңгейде жүргізілуде. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп күтілуде.
15 қаңтар 2025 ж. 103 0