Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың ауданымыздағы сапары Партияның Сайлауалды бағдарламасына енгізілген, партиялық бақылау бекеті орнатылған Саяжай мөлтек ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысы барысымен танысумен жалғасты.
2023 жылдың шілде айында бастау алған мектеп құрылысын «Аман-Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Жоба құны - 4 267 668 160 тенге.
Мектеп 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс басында 150-ге жуық жұмысшы жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 70% - ға аяқталып тұр.
Облыстық партия филиалының төрағасы А.Есмаханов мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізіп отырған «Аман Құрылыс» ЖШС-нің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстары сапалы және уақытылы тапсырылу керектігін айтып өтті.
22 қазан 2024 ж. 396 0