Соңғы жаңалықтар

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мектеп құрылысының сапасы назарға алынды

Мектеп құрылысының сапасы назарға алынды

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Турабаев пен бірге партиялық бақылау бекеті орнатылған Саяжай мөлтек ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысы барысымен танысты.
2023 жылдың шілде айында бастау алған мектеп құрылысын «Аман-Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Жоба құны - 4 267 668 160 тенге.
Мектеп 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс басында 150-ге жуық жұмысшы жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80% - ға аяқталып тұр.
Аудандық партия филиалының төрағасы А.Мажитов мектеп құрылысы жұмыстарын жүргізіп отырған «Аман Құрылыс» ЖШС-нің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстары сапалы және уақытылы тапсырылу керектігін айтып өтті.
21 қараша 2024 ж. 489 0