Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды

Бүгін оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр. Бұл – сынақтың бірінші кезеңі.
Бұл туралы Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында айтылды.
- Қаңтар ҰБТ-сы басталды. Сәттілік! – делінген желіде.
Айта кетейік, ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалды, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалды, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Еске сала кетейік, қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталған еді. 
13 қаңтар 2025 ж. 381 0