Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ҰБТ ұзақтығы – төрт сағат

ҰБТ ұзақтығы – төрт сағат

Тестілеу ұзақтығы – төрт сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.
«Тестілеу кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі. Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут, 120 минуттан кейін 3 минут және 180 минуттан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі. Бұл уақытта тестке қатысушылар жаттығу жасап, су ішіп, өздерімен бірге алып келген шоколадты жей алады», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлерге тапсырмаларды орындау үшін 70 минут беріледі. Олар ҰБТ-ны екі пән – «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» бойынша тапсырады. 
Шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға ниетті студенттер үшін тестілеу ұзақтығы – 130 минут. Тестке қатысушылардың бұл санаты таңдауы бойынша екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.
Өз мамандығы немесе сабақтас бағыт бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектеріне ҰБТ-да 120 минут беріледі. Осы уақыт ішінде олар жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырмаларды орындайды.
Ұқсас мамандықтар бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған шығармашылық бағытты тәмамдаған колледж түлектері үшін тестілеу уақыты – 80 минут. Олар ҰБТ-ны бір арнайы пән бойынша тапсырады.
 
08 ақпан 2024 ж. 524 0