№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ауданның бас ұстазы оқушыларды мерекемен құттықтады

Ауданның бас ұстазы оқушыларды мерекемен құттықтады



Бүлдіршіндерді асыға күтетір жаңа жылдық шыршасы №167 орта мектепте өтті. Мерекелік шараға 100- ге жуық балғындар қатысты.
Балалардың қуанышына аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Есенбаев балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады.

Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бұл өмірде сіздердің жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыластарыңызбен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Бүгін байтақ еліміздің барлық өңірлерінде өздеріңіздей өнегелі балалар Жаңа жылдық шыршаның айналасына жиналып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. Сондықтан да, осынау шырша тойы естеріңде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін. Ендеше, келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын. Балалық шақтарың базарлы, өмірлерің ажарлы болсын!,- деді Бекжан Шахизатұлы өз сөзінде.
Сондай-ақ,бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар табыстап, думанның қызықты өтуіне бірге атсалысты.
Жоғары деңгейде өткен кеште ғажайыпқа толы қойылымдар қойылып, мерекелік думанды жандандыра түсті. Балаларға кеңінен таныс ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар шырша қуанышын бірге бөлісіп, балаларға әртүрлі ойындар ұйымдастырды.
Сондай-ақ, мерекелік шара соңында барлық бүлдіршіндерге білім бөлімінің басшысы атынан тәтті толы қоржындар үлестірілді.
31 желтоқсан 2023 ж. 125 0