№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Енді еңбегі сіңген тұлғаларға тірі кезінде де ескерткіш орнатуға болады

Енді еңбегі сіңген тұлғаларға тірі кезінде де ескерткіш орнатуға болады

Фото: kaz.nur.kz
2020 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің № 103 бұйрығына «Монументалды өнер құрылымдарын орнату ережелерін бекіту туралы» өзгерістер енгізілді. Енді көрнекті тұлғаға ескерткіш орнату үшін оның қайтыс болғанына кемінде бес жыл өту керек. Тек қана батырлық пен ерлікті көрсету, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай үлес қосу және маңызды тарихи оқиғаларды жүзеге асыру жағдайларында бұл мерзімге шектеу қойылмайды.
Облыс әкімдіктері ескерткіштерді мемлекеттік және бюджеттік емес қаржы көздері есебінен орнататын болады. Ескерткіштер көрнекті тұлғалардың мерейтойларына, маңызды тарихи оқиғаларға орай орнатылып, Үкіметтің қаулысымен белгіленген. Бұл тұлғаның есімі республикалық ономастикалық комиссия бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде болуы керек.
Сонымен қатар, бір елді мекенде бір көрнекті тұлғаға немесе тарихи оқиғаға тек бір ескерткіш орнатылуы мүмкін.
18 желтоқсан 2024 ж. 33 0