№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ескерткіштер – ел тарихы

Ескерткіштер – ел тарихы

   «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұлттық рухты асқақтату, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған шаралар көптеп өтуде. Халықаралық тари ескерткіштерді қорғау күні сондай шараға куә болдық.


   Ресми дерек көздерінде, 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көр­некті орындарды қорғау мәсе­лелері жөніндегі кеңес Ассамблеясы бекіткен ұйымға осы күні әлемнің 175 мемлекеті мүше. Оның ішінде, дүниежүзінің 122 елінен 754 тарихи құндылық атаулы ұйымның тізіміне енгізілген. Солардың қатарында Жаңа­қорған кентіндегі Һиссамеддин Сығнақи ескерткіші де бар.
  «Арман» кенттік мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерлері және М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ескерткіштерді қорғау күніне орай ғұлама Һиссамеддин Сығнақи ес­керт­кіші жанында «Тарихы терең, тағлымы ерен – тұлға» атты мәде­ни-рухани шара өтті. Шараға аудан тұрғындарымен қатар мектеп оқу­шылары қатысып, өңірдің тарихи-мәдени орындарымен, сәулет ескерт­кіштерімен танысып, тарихи тұл­ға­ны тани түсті.
   Аудандық шарада тарихи-өлке­­­тану мұражайының ғылыми қыз­меткері Құралай Дәрмен сөз алып, ескерткіштерді қорғау тақырыбында сөз етті. Жиналған қауымды туған жеріміздің тарихымен, қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныс­тырды. Сонымен қатар, «Сығанақ» ашық аспан астындағы музей жетекшісі Асан Сарқұлов пен аудандық тәрбие орталығының директоры Әлімжан Ержанов тарихи сананы жаңғыртудың маңызына тоқталды.
   Жаңақорған кентінің әкімі Әбунасыр Бекішев тарихи орындар мен көрнекі жерлерді тазартуға мән беретін жанашырды көпшілікке үлгі етті.
Шара соңында «Құм-Сахаба» мешітінің бас имамы Ержан Сейтжаппаров баба рухына Құран бағыштады.
Шара жүргізушісі Мәдениет Тотаев ескерткіштің бой көтеруіне академик Сұлтан Сартаевтың өл­шеусіз үлес қосқаны, ақын Адырбек Сопыбековтың Һиссаме­динді наси­хат­таудағы еңбегіне тоқталды.
Одан әрі жиналған қауым «Арман» мәдениет үйінің кітап­хана қызметкерлері жасаған «Ескерт­кіштер – тарих айнасы» атты кітап көрмесіне ұласты.
   – Киелі жерімізде өткенімізден сыр шертетін, дара тұлғалар өмірінен тың мағлұмат беретін тарихымыздың өшпес бір бөлігі іспеттес ғимараттар мен ескерткіштер жеткілікті. Бұл – кейінгі өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беретін мәдениеттің қайнар бұлағы. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру,–дейді «Арман» кенттік мәдениет үйінің директоры Күлән Әбілтанова.

  P.S. Әрбір ескерткіш пен тари­хи орындар ата-баба дәстүрінің қазығы, ұлтты тану, тұлғаны дәріп­теу құралы екені анық. Олай болса, ескерткіштерімізді қорғап, қастерлеуді жалғастыру маңызды...

Лаура БИБАСАРОВА.


24 сәуір 2019 ж. 2 222 0