№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жақсының көзі


Жаңақорған шипажайында еңбек етіп жатқандардың дені осы аймақтың халқы. Солардың көпшілігі Жаңақорған шипажайын екінші үйі санайды. Тек бүгінгі күні ғана емес, ата-бабасынан бері бұл киелі мекен күнкөріс несібе ретінде көзге де, көңілге де ыстық.
Осы шипажайда ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан Сүлеймен Бекенов деген ағамыздың есімі ерекше еді. Ерекше болатыны, ол кісі қан майданға қатысқан соғыс жауынгері еді. Майдан даласында ең алдыңғы шепте болып қолға түсіп, немістің тұтқынында қалған. Қан шеңгелден қашып шыққан ол, кеңестің тұтқынында жапа шеккен. Одан да бұрын осы бір тілмен айтып жеткізгісіз қорлықтың сан түрін шып-шырғасын шығармай қағазға түсіріп, екінші дүниежүзілік соғыстағы Сталиннің қателіктерін өз басынан өткерген ақиқат тұрғысында баяндайтын «Қазақ тұтқыны» деген кітап жазған жан. Жауынгер қаламгердің немересі шипажайда жұмыс істейді екен. Біз осы жігітті тауып алдық. Жақсыдан жұрнақтың бойында атадан қалған от мінез, ұшқынды танысақ деген үміт бар.


Бекенов Ғалымжан Нұрәліұлы 2005 жылы Түркістан дәрігерлік колледжіне оқуға түсіп, 2009 жылы қолына дипломын алыпты. Шипажайда 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Санаторияның емдеу бөлімінде аға қызметкер. Мекемеде демалушыларға ем-шара қызметінің сапалы жүргізілуі, шипажайдың тазалығы, еңбек тәртібі толықтай осы жігіттің қарауында екен.

Кезінде атасы Сүлейменнің темірдей қаталдығы, мүмкін жастығының басым бөлігін жаныштаған қиянаттан қанға сіңген мінез бе, алдымен өз-өзіне аяусыз талап қойғыш табиғаты ұрпақ бойына ұяламауы мүмкін емес. Бұл туралы сұрағымызға жігітіміз әзілмен жауап берді. «Солай болса, солай шығар. Кейде біреулерге ұнамай қалып жатамын» дейді ол. Турасын айтқан туғанына жақпайды деген бар емес пе? Онда да күріштің арқасында күрмек су ішетін жағдайлар болмаса адал еңбекпен маңдай терлеткен жанға сын болушы ма еді? Жалқаулықты жаны сүймейтін азамат титтейінен тазалыққа үйреткен ата өнегесін де айтпай кете алмады. «Бала күнімізде дастархан басына отырардан бұрын атамыз қолдың таза, тырнақ өспеуін қадағалайтын. Кір-қожалақ болсаң қуып жіберетін. Ол кісі зейнетке шыққанша шипажайда еңбек етті. Өмрден өткенше қолынан қаламы түскен жоқ.

2015 жылы атамызға сол кездегі шипажайдың басшысы Абдуллаев Амангелді ағамыз су жаңа «Жигули» автокөлігін мінгізді» дейді.
Біз Ғалымжан Нұрәліұлының сонымен қатар шипажайда уролог маман ретіндегі еңбегіне тоқталуын өтіндік.
– Менің бұл салада тәжірибе жинақтағаныма он төрт жылдай уақыт болды. Арнайы кабинетім бар. Емделушілерді алдымен УДЗ аппаратына түсіріп дертін анықтап, содан соң ем-шара тағайындаймыз. Көбіне суық тиюлермен қатар қуық асты безінің ісіну жағдайдары кездеседі. Бұл ретте шипажайдың негізі емі – тұзды су мен лаймен емдеудің тиімділігі зор. Одан бөлек арнайы кабинетте заманауи медициналық аппараттарға жатқызып емдейміз.
Соңғы кезде белсіздікке ұшырағандар саныныің арта түскені байқалады. Еліміздің түкпір-түкпірінен ем іздеп келгендерге халықтық ем түрлерін де кең қолданып, гальвоногрязь, физлечение, тампон сияқты әдістерді пайдаланмыз» дейді ол.
Ғалымжанның келіншегі Мөлдір де осы шипажайда медбике болып жұмыс атқарады. Сүлеймен атамыздың тағы бір келіні Гүлбану осы мекемеде тазалықшы, немерелері лай жағу (аппликатор) бөлімінде біраз жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап, қазірде түрлі салада еңбек етуде екен.
Бұл Жаңауыл мөлтекауданы, яғни шипажай маңайындағы мағыналы ғұмыр кешіп жатқан бір ғана еңбекқор жанұяның сырлы шежіресі. Бұл аумақта қаншама отбасының ырзықы-несібесі осы мекенмен сабақтасып жатыр. Адамзат амандығына, дені-қарнының сау-сәлемет жүруіне өзіндік үлесін қосып жатқан осындағы ағайынға, жаңауылдықтарға біз де әрқашан ізгі тілектеміз.

Б.АЙҚОЖА
26 қараша 2024 ж. 141 0