№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АНАҒА ҚҰРМЕТ

АНАҒА ҚҰРМЕТ


Төл перзенттерін тұтқиылдан басталған соғысқа аттандырған қаншама ананың тағдырын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Міне, осы мақсатта бүгін «Жеңіс» саябағында орналасқан ел анасы атанған "ҮМІТ АНА" ескерткішіне арнайы барып тағзым еттім.
Біз Ұлы Жеңіс деп тойлап жүрген қасиетті күннің тасасында талайлардың кермек тағдыры жатыр. Қазақ жерінде боздағын майданға аттандырмаған әулет жоқ. Кенеттен тұтанған соғыс өрті Тоқтар мен Үміт ананың да шаттығы мол шаңырағының шырқын бұзды.
Өйткені Үміт ана майдан даласына Отанын жаудан қорғау үшін Марсәлі, Құрманбек, Маткәрім, Жұмабек, Мәметсия атты ұлдарының қолына қару ұстатып, қанды қырғынға өзі аттандырады. Ал кіші ұлы Әнуарбектің жасы әскер жасына жетпей қалып қояды. Бірақ туған жеріне адал қызмет етуді кішкентайынан құлақтарына құйып өсірген ана оны да он сегіз жасқа толған күні - ақ аудандық комиссариатқа ертіп апарып, соғыс даласына шығарып салады. Ержүрек Ананың тәуекелі көпті таңқалдырмай қоймайды.
Ал опасыз жалған өз дегенін істейді екен. Соғыс аяқталған тұста бір үйден аттанған алты бірдей азаматтың Мәрсәліден басқасы майдан даласынан оралмайды. Перзенттерінің аман-есен келетінінен үміті үзілмеген ананың жүрегі осылайша қайғыдан қан жұтады. Біреуінен қалған көзі бар, өзі жоқ, біреуінен қалған ізі бар, өзі жоқ, біреуінен ол да жоқ, сағынған жүрек тағат таппай аласұрады. Сондада хабарсыз кеткен бес перзентінен бір жаңалық күткен ана өмірінің соңғы сәтіне дейін батыр ұлдарының естелігімен өмір сүреді.
Ел басына күн туғанда бар қайратын жинап, өзекті жарып шыққан перзенттерін қанды қырғын шебіне аттандырған Әз-Ананың бұл қадамы бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге. Сондықтан елімізде тұңғыш рет құрметті «Батыр Ана» атағына ие болған Үміттей аналардың ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран болған бейнесіне қандай құрмет көрсетілсе де жарасымды.
09 мамыр 2023 ж. 448 0