Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаз біліктілігі сынға түсті

Ұстаз біліктілігі сынға түсті


Білімді де білікті ұстаздарды дәріптеу бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта ауданда түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі «Үздік физика пәні мұғалімі-2024» облыстық байқауының аудандық кезеңі физика пәнінің ұстаздарының жан-жақты қырын байқатты. Мұғалімдер ашық сабақтар көрсетіп, зертханалық жұмыстарды кездейсоқ таңдау арқылы жасап, есептеулер жүргізді.

Күрделі есептерді жылдам шығару кезеңінде пән мұғалімдерінің тәжірибесі сынға түсті. Нәтижесінде №192 мектептің физика пәні мұғалімі Жанар Әкімбаева 1 орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ, 2-орынды №162 мектептің мұғалімі Жанагүл Опашова, 3-орынды №208 мектептің мұғалімі Сәулеш Көшкінбаева мен №289 мектептің физика пәні мұғалімі Ыдырыс Ұлжан иеленді.
№51 мектептің мұғалімі Назгүл Шерахан «Жаңашыл ұстаз» атанса, «Креативті мұғалім» номинациясын №163 мектеп мұғалімі Ұлжалғас Қуантха­нова иеленді. Байқау жеңімпаздары білім бөлімінің дипломдарымен және кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды.
Аудандық білім бөлімінің физика-информати­ка пәндерінің әдіскері Салтанат Төлепбергенова кешті қорытындылап, пікірін білдірді.
– Біздің ауданның физика-информатика пә­ні ұстаздарының біліктілігі мен білімі сай, әрі заманауи білім дағдысын қалыптастырған. Біз жыл көлемінде шәкірттердің білімін шыңдайтын байқаулар өткізіп келеміз. Бұл «Үздік физика мұғалімі –2024» бәйгесі педагогтерге үлкен мотивация сыйлап қана қоймай, ілгері дамуға, бәрінен бұрын білімдерін жетілдіре түсуге жол ашады, – деді әдіскер.
Ізденіс жолында мыңдаған шәкірттің талабын шыңдап жүрген жерлестердің талап-талпынысы көңіл қуантады. «Физика – ғылымның патшасы» деп ұққан тәлімгерлердің асар белесі әлі алда деп сенеміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ

23 қараша 2024 ж. 123 0