«Функционалдық сауаттылық физика сабағында »
2024 жылдың 15 қараша күні №286 орта мектеп базасында «Функционалдық сауаттылық физика сабағында » атты аудандық семинар болып өтті. Семинар мақсаты: Физика пәні сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау . Семинардың ашылуында аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Төлепбергенова қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, өмірде қолдана алуының маңыздылығын атап өтті.
«Кел, танысайық!» тренингімен мектеп педагог-психологы
Б.Нәлібаева жайлы көңіл күй сыйлады.
№286 мектептің ұйымдастыруымен жасалған «Smart Physics» көрмесі таныстырылды.
«Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.» тақырыбында №286-орта мектебінің физика пәні мұғалімі Айгүл Ақбаева 8 сыныпта үлгілі ашық сабақ көрсетті.
Зертханалық жұмыс «Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздығын анықтау» №286 орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Гүлмира Копабаева 7 сыныбында үлгілі ашық сабақ көрсетті.
«Массалар центрі. Дененің тепе-теңдігі (эксперименттік
тапсырмалар)» №229 орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Нұрғали Меруерт шебер сынып көрсетті.
Электронды білім беру платформаларын оқу үрдісінде
қолдану. «Жасанды интелект-жаңа дәуірге жол ашу»
№ 286-орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Айдос Арасат шебер сынып көрсетті.
«Математика физика бағыты бойынша мамандықтар атласы» тақырыбында №286 мектептің кәсіби бағдар жөніндегі орынбасары Абілғазы Үйсінбаев шебер сынып көрсетті.
« Мектептерге арналған -PISA» тақырыбында білім бөлімі әдіскері С.Төлепбергенова шебер сынып көрсетті.
«Smart Physics» физиктер клубының тұсауын №286 мектеп басшысы Ләззат Машбекқызы кесіп, семинарға келуші ұстаздарға жылы лебізін білдірді.
«Smart Physics» физиктер клубының жетекшісі А. Ақбаева болып сайланды. Алдағы уақытта клуб жұмысын жалғастыратын болады.