» » Партиялық бақылау жалғасуда

Партиялық бақылау жалғасуда

  • Бүгін “AMANAT” партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудандық партия филиалының төрағасы Арман Мажитовпен бірге сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысаны Жаңарық ауылдық округіндегі 300 орындық мектебіне барып, аталған құрылыс нысанына партиялық бақылау бекетін ашты.
  • Қазіргі таңда құрылыс нысанының екінші қабатында арматура тоқылып, бетон құйылып қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Мектеп құрылысы қазіргі таңда 30%-ға орындалған. Аталған құрылыс басында 100 адам жұмыс жасауда. Оның 25-ке жуығы жергілікті жерден алынған жұмысшылар.
  • Комиссия мүшелері бас мердігер компания «Алтын-Айдарлы» ЖШС-нің өкіліне жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары алдағы уақытта партия бақылауында болатындығын атап өтті.
25 сәуір 2024 ж. 181 0