№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлем чемпионатының күміс жүлдесі қоржында

Әлем чемпионатының күміс жүлдесі қоржында

Жаңақорған ауданында 1 спорт клубы мен 2 олимпиадалық-резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасап тұр. Олардың әрқайсысында болашақ ел мақтаныштары даярлануда. Осы күнге дейін спорттың қай түрінен болмасын топ жарып, марапат төрінен табылғандар да аз емес.Күрес жолында алғашқы қадамдарын жасап, табандылығымен танылған жасөспірімдер арасында ауданымыздағы 8-ші резервтегі спорт мектебінің түлегі Рахым Артықбай да бар. Ол Ресейдің Казань қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медальді иеленіп, олжамен оралды.

Ресей, Моңғолстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды көршілес елдерден іріктеліп келген кіл мықтылар жиналған белдесуде Рахымның бірінші қарсылысы Қырғыз палуаны болды. Үздіксіз дайындық пен қажымас ерік-жігері жерлесімізді жеңіске жетелеп, қатарластарына бой бермеген жас спортшы белдесуде ерекше өнер көсретіп, жанкүйерлерінің сенімін аяқ асты етпеді. 
Рахым тек спорт салысында ғана мен оқуда да үздік. Оның көшбасшылық қасиеті мен ұйымшылдық қабілеті достары мен ұстаздарының арасында ерекше құрметке ие. Бүгінде ауданымыздағы Абдуллаев Амангелді атындағы зияткерлік мектеп-интернатында білім алып жүрген ол, оқу мен спортты бір-бірінен бөліп жара алмайтынын айтады. 
"Спорт маған тәртіп пен табандылықты үйретсе, оқу ақыл-ойымды шыңдайды. Екеуін қатар алып жүру - өмірде үлкен нәтижелерге қол жеткізуіме көмектесетініне сенімім мол, - дейді ол.
Хош. Күрес тек физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар мінездің мықтылығын қалыптастыратын, батылдық пен ептілікті талап ететін спорт түрі.Алдына үлкен мақсат қойып, соған жету жолында тынымсыз еңбектеніп жүрген спортшы жігіттеріміздің табандылығы осындайда танылады. Әдетте бұл спортқа балалар кішкентай кезінен, яғни, 6-10 жасында келіп, алғашқы жаттығуларын бастайды. Алғашында қарапайым қозғалыстарды, дене бұлшықеттерін шынықтыруды үйренеді. Уақыт өте келе, күрестің негізгі әдістерін меңгеріп, жарыстарға қатысу арқылы тәжірибе жинақтайды.
Рахым Артықбай күреске 2016 жылдан бастап қатысып, сол уақыттан бері аудандық, облыстық біріншіліктерде жүлделі орындарды иемденіп келеді. 2024 жылы белбеу күресінен өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері дәл осы жарыстағы нәтижесімен әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Қараша айында өткен белбеу күресі чемпионатының әлемдік деңгейінде спортшымыз ерекше өнер көрсетіп, қатысушылар арасында үздік үштіңтің екінші орнына жайғасып, аудан спортының әлеуетін арттыруға үлескер болды. Рахымның бұл жетістігіне бірден бір үлескер жаттықтырушысы Аслан Нұрқожаев. Ол, Рахымның спорттағы шеберлігі мен кезекті жеңісі жайлы төмендегіше сөз өрбітті:
Күреспен айналысқан бала жеңіске ұмтылуды, қиындыққа төтеп беруді, жеңіліс жағдайында сабыр сақтауды үйренеді. Мұның барлығы дерлік шын мәнінде әрбір ер-азаматтың бойынан табылуы керек. Рухы басым болып, қарсыласын мінезінің мысымен басқара алған жігіттің орны қашан да жеңіс төрі. Рахымның бойында мұндай қасиеттер анық байқалады. Оның болашағы үлкін үміт күттіреді, - дейді, Аслан Нұрқожаев.

Рахымның әрбір жетістігінің артында үлкен күш-жігер жатыр. Ол жеңістің күнделікті жаттығулар, дұрыс тамақтану және жаттықтырушылардың нұсқауларына толықтай бағыну арқылы келетінін жақсы біледі. Қажырлы еңбек пен шыдамдылықтың арқасында жас спортшы бірте-бірте аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда жеңістерге жетіп, халықаралық аренада еліміздің намысын қорғауға мүмкіндік аларына сенім мол.
Бүгінгі спортшымыз - ертеңгі чемпион, ел мақтанышы. Ал Рахымның бұл жетістігі тек ауданымыздың ғана емес, мемлекетіміздің
атын асқақтатып, тұғырын көкке көтерген бүтін елдің жеңісі дер едік.

Жәмила ЕРМАХАН
18 қараша 2024 ж. 325 0