Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Диананың биігі

Диананың биігі


Жақында Грузияның Тбилиси қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының жалауы желбіреді. 20 елден іріктеліп 400-ден астам кіл мықтының арасында жаңақорғандық Диана Ғайбулла да өнер көрсетті.
№8 Түгіскен ауылдық спорт мектебінде тәлім алатын Диана Ғайбулла 52 келіде бақ сынады. Ол алдымен армениялық бойжеткенді 6:2 есебімен тізе бүктірді. Келесі айналымда кілем иесімен 4:4 есебімен тең түскенімен, төреші қарсыласының қолын көтерді. Қола медаль үшін болған белдесуде румыниялық Надин Теодораны тізе бүктірді.
Негізі самбо күресі білектілердің текетіресі.
Жаттық­тырушы Алмат Әбдіназаровтың айтуынша, Диана енді қараша айында Астанада дзюдодан өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында бағын сынайды. Сосын желтоқсан айында белбеу күресінен Ташкент қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.
– Грузияға алтын үшін барғанмын. Бірақ, сәттілік жетіспей, алтынға бір қадам қалғанда сүріндім. Енді Ташкентте топ жарып, тұғырдың биігінен көрінуге күш саламын, – деді намысшыл Диана.
Мереке Құдайбергенова, Меруерт Әбубәкір сынды спортшылардың жолын жалғайтын Диана Олимпиада ойындарының шыңын бағындыратынына сенеміз. Себебі, оның бойында жігер мен қайрат бар...
20 қазан 2018 ж. 1 714 0