№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » СҮЙІНШІ АҒАЙЫН: Қырғыз елінен ҚОС КҮМІС !

СҮЙІНШІ АҒАЙЫН: Қырғыз елінен ҚОС КҮМІС !

   
    Бүгін яғни, 9 маусым күні Қырғызстан Республикасының Шопан-Ата қаласында әлемнің 10 елінен келіп бақ сынасқан армрестлинг (қол күрес) бойынша өткен Азия  чемпионатында жерлестеріміз АБУСЕЙТ РЕМЕТОВ пен РАДБЕК ФАЗЫЛОВ күміс жүлде иегері атанып Польша мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

     
Алғашқы кездесуде екі спортшымызда қазақ қол күресшілерімен кездессе, жартылай финалда қырғыз спортшысын жеңді. Ал, финалда Радбек Өскемен қаласынан келген спортшыға есе жіберсе, Абусейт Семей қаласынан келген қарсыласынан бір сатыға төмендеп Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.
    Абусейт пен Радбектің жаттықтырушысы Шыңғыс Азнабаев : "Үлкен дайындықпен келдік. Еңбегіміз еш кетпеді. Азия чемпионаты жарқын жарыс болып табылатындықтан, қатысушылардың арасында шынайы спорттық рухты дамытуға және нығайтуға мүмкіндік береді. Менің спортшыларым сондай рухты көрсете білді. Сонымен қатар тәжірибе жинақтады, - дейді бапкер.
"Жаңақорған тынысы" ұжымы жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, бұдан да  биікті бағындыра берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.
#Қызылордаоблысы
#Жаңақорған
#Спорт
Дайындаған: Лаура БИБАСАРОВА
10 маусым 2019 ж. 1 023 0