АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТТЫН МЕН КҮМІСТІ ЕНШІЛЕДІК
Астанадағы «Қазанат» атшабарында теңге ілуден Азия Чемпионаты мәресіне жетті. Сайыста бірінші және екінші орынды Қазақстанның намысын қорғаған Мағжан Сапарбек пен Ғалымжан Ізжанов иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Азия Чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі спорттың дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.
Теңге ілуден үшінші орын қырғыз спортшысы Амантур Минууруулуға бұйырды. Жүлделі төртінші және бесінші орын Моңғолиядан келген Серік Жеңісбек пен Бобороджан Мусоевтың еншісінде.
Айта кетсек, қос ұлттық спорт түрінен Азия Чемпионаттарына 9 елден, атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай, Түркиядан 54 спортшы, ал жалпы жарысқа қатысатын делегация мүшелерін қосқанда 100-ге тарта адам қатысуда. Чемпионаттардың жалпы жүлде қоры - 14 млн теңге.

Пікір 1