Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан такси бағасы бойынша Оңтүстік Кореяны басып озды

Қазақстан такси бағасы бойынша Оңтүстік Кореяны басып озды

Фото: grozny-inform.ru
Қазақстандағы такси бағасы Беларусь және Ресей елдерімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі LS-ке сілтеме жасап.

6 қарашадағы стандартты тариф бойынша жолдағы 1 км бағасы ел бойынша орташа есеппен 310 теңгені құрайды. Алматыда такси құны 1 км үшін 325 теңге болса, Астанада — 250 теңге.
Numbeo платформасындағы ақпаратқа сүйенсек, Ресей (149,5 теңге) мен Беларусьте (149,8 теңге) такси қызметі екі есе арзан.  Өзбекстан тұрғындары такси үшін 147 теңге, ал Украина 141,8 теңге төлейді.
Қытайда сапар құны сәл жоғары (170,8 теңге), бірақ Қазақстанмен салыстырғанда төмен. Оңтүстік Кореяда 1 км такси үшін 279,6 теңге төлеу керек.
Түркия (327,7 теңге), БАӘ (333,8 теңге) сынды елдерде такси бағасы әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ 1 км сапар құны Ұлыбританияда орташа есеппен 780 теңгеге, АҚШ-та 841 теңгеге, Нигерияда 947,5 теңгеге, ал Жапонияда 1,4 мың теңгеге бағаланады.
Айта кетейік, қазіргі таңда ең қымбат такси тарифтері Швейцария (2,1 мың теңге) мен Бахрейнде (2,4 мың теңге).
13 қараша 2024 ж. 89 0