№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көмір қанша теңгеге арзандайды?

Көмір қанша теңгеге арзандайды?

  Бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өңірлерде көмір бағасы қанша теңгеге арзандайтындығын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.


   «Арнайы меморандумдарға қол қойылғаннан кейін көмір бағасы бірқатар өңірде төмендейді деп жоспарлап отырмыз. Орташа есеппен Ақмола облысында көмір бағасы 16 пайызға немесе 2 200 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Мәселен, Макинск қаласында 14 мыңнан 11 700 теңге дейін, яғни 2300 теңгеге арзандауы ықтимал. Щучье қаласында 13 300-ден 11 450 теңгеге дейін арзандайды»,- деді ол. Министрдің айтуынша, Алматы облысында көмір құны тоннасы үшін орташа есеппен 3 мың теңгеге дейін түсетін болады. Айталық, Панфилов ауданында 16 мың теңгеден 12 900 теңгеге дейін, Қарасай ауданында 14 500 теңгеден 11 400 теңгеге дейін, Үштөбе қаласында 13 400 теңгеден 11 900 теңгеге дейін төмендейді. «Солтүстік Қазақстан облысында көмір бағасы орташа есеппен 16 пайызға немесе 2100 теңгеге дейін арзандайды. Шымкент қаласында бүгінгі күні 14 700 теңге болса, ендігі уақытта 17 пайызға, яғни 12 150 теңгеге дейін төмендеуі керек. Меморандумдарға қол қоюдың нәтижесінде республиканың теміржол қоймаларында Шұбаркөл көмірі құнының төмендеуі орташа 15-20 пайызды құрады. Бүгінгі күні мұндай жұмыстарға Қаражыра да, Майкүбі де келісіп, төмендетуге дайын болып отыр. Енді әкімдіктер екі күннің ішінде меморандумдарға қатысты жұмыстарын толық аяқтауы қажет»,- деді Жеңіс Қасымбек.
27 қараша 2018 ж. 1 038 0