№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайластық жарға жығады

Сыбайластық жарға жығады


Еліміздің жеткен жетістігі мен бағындырған белесінің бәрі адал жандардың, бейнеткеш бауырларымыздың ерен еңбегінің нәтижесі дер едім. Жалпақ тілмен айтқанда, жауырынды азаматтың жүгі ауыр болғанымен ісі жемісті, мол, отбасы мен отанына сенімді иелік ете алады.


Міне, осындай әділдікті жақтаған, ары мен абыройын биік ұстаған тұлғалар отыз үш жылда мемлекетіміздің көк Туын көкте желбіретіп, еңселі ел болуы жолында маңдай терін сарп етті. Десе де, еліміздің аяғына тұсау болып, етектен шалған жайттар да жоқ емес. Соның бірі – жемқорлық қамытын киген тоғышарлық мәселесі тыйылмай тұрғаны
жанымызға батады.
Жасыратыны жоқ, жемқорлық мәселесі қай салада болсын қылаң беріп, елдің ортақ қазынасына қол салушылар қатары артып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық-бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек.
Кей мемлекеттік қызметшілердің құқықбұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің төмендігі, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз: экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Бұл дертпен күресу әлемдік саясат, онымен күресу мемлекеттік міндет. Өйткені, елдің ертеңіне, баянды болашағы мен кемел келешегіне балта болып шабылатын шырмауықтан құтылу өте маңызды. Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол алдымен экономикалық салаға зиянын тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың билікке деген сенімін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан сыбайластыққа жол бермеу әр азаматтың парызы.

Нұрбек БЕКСҰЛТАНОВ,
Манап ауылдық
округінің әкімі
25 қазан 2024 ж. 175 0