№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлықты жою- заң талабы

Сыбайлас жемқорлықты жою- заң талабы


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.Қазіргі таңда мемлекет және мемлекеттік органдар тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық өмір сүріп отырған қоғамда кім-кімді де болса толғандырып жүргені жасырын емес. Өзінің жеке мүддесі үшін пара берушілер жоқ емес, бар. Олар бұл іске саналы түрде барады, ал кейбірі білместікпен опық жеп қалады. Жемқорлықпен ұсталып, заң алдында жауап беріп жатқандары да бар. Ол үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Көп болып бұл дертке қарсы тұрып, күресуіміз қажет.Жалпы, бұл-жегі құрт іспетті, қауіпті қылмыс. Жемқорлықпен белсенді түрде күреспесек, адам санасын улап, ауруға шалдықтырары сөзсіз. Қоғамда әдетке айналып бара жатқандай. Десе де, пара сыбайлас жемқорлық, алаяқтық бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып, телеарналардан көрсетіліп жатса да, әлі күнге тыйылар емес. Дегенмен де еліміздегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының арқасында біршама алға басушылық байқалады. Қоғам болып жол бермеуге тиіспіз. Не нәрсенің де алдын алсақ, ол әдеттен арыларымыз сөзсіз. Жалпы, өз құқын, әрі заңды білетін, сауатты адам мұндай қылмысқа бармайды.Сондықтан, ұрпағымызға жақсы тәрбие береміз десек, көлденең табысқа қызықпай, адамгершілік қасиетімізді сақтап, таза да адал еңбек ету қажет.Ал,жүргізген жүйелі жұмыстарымыз өз нәтижесін берері сөзсіз.


Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының
бас маманы Ш.Бердалиева
27 желтоқсан 2023 ж. 224 0