№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер


Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы азаматтарға қандай да бір қызметтерді оңай және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық орган қызметінің басым бағыттарның бірі халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері 2 топқа бөлінеді:
1) Эпидемиялық маңызы жоғары объектілер
 2) эпидемиялық маңыздылығы  болмашы объектілер.
Эпидемиялық мәні жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет болса, эпидемиялық мәні болмашы объектілер өзінің қызметінің бастағаны туралы хабарлама талон береді.
 Жаңақорғанаудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы және "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 30 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1.«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қортынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі –өтініш түскен мерзімнен бастап 13 жұмыс күні) ;
2. «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемилогиялық қорытынды беру; (қызмет көрсету мерзімі –өтініш түскен мерзімнен бастап 10 жұмыс күні) ;
3.»Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу номерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмт  (қызмет көрсету күні 5 жұмыс күні)
Барлық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб - порталы арқылы көрсетіледі.
Қызметке тапсырыс беруші қажетті құжаттардың толық топтамасымен танысып,электрондық цифрлық қол таңбасымен өтініш түсіреді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілтін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің(мәліметтердің) анық еместігін анықтауы;
Ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі: ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа , дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30 –ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30 –ға дейін , ал порталда : тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру ҚР еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 19-бабының 5-тармағына сәйкес қосымша немесе қайталама зерттеулер/сынақтар жүргізбестен рұқсат беру құжатын қайта ресімдеуге құқығы бар. Атап айтсақ,
      1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған жағдайда
      2) өтініш беруші - дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген кезде
      3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде
      4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда
Осы көрсетілген жағдайларда рұқсатты қайта ресімдеу кезінде қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тиісті өзгерістер туралы растайтын құжаттармен бірге белгіленген формада өтініш жібереді.  Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді, не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және қызметті алушыға жібереді. Растайтын құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше ресімдемеген кезде осы көзделген негіздер бойынша қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді алу барысы барынша ашық және қолжетімді.

Шынар Айдарова,
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы

15 қазан 2024 ж. 159 0