№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰСТАЗДЫҢ ЕСІМІ – ҰЛЫҚ, ОРНЫ – ТӨРДЕ

ҰСТАЗДЫҢ ЕСІМІ – ҰЛЫҚ, ОРНЫ – ТӨРДЕ


5 қазан – ұстаздар күніне орайластырылған салтанатты шара қасиетті мекеніміздің оқу ордаларында білім шырағын маздатып, келешекті кемел білімге сусындату жолында тер төгіп келе жатқан асыл жандарға көрсетілген зор құрметпен ерекшеленді. Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына байланысты» деген екен. Бейсенбі күні Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінде «Ұстазым – ұлағатым» атты тақырыпта салтанатты шара өтті. Жиынды ашқан аудан әкімі Мажит Самитов аудандағы ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.


– Құрметтi ұстаздар, сала ардагерлері! Баршаңызды кәсiби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – қоғамдағы ең құрметтi де қадiрлi мамандықтың бiрi. Өйткенi адами ізгі қасиеттерге бай шынайы ұстаз өз шәкiрттерiнiң жүрегiнде бiлiмге деген құштарлықты және Отанына деген сүйiспеншiлiктi оятады. Әрқайсымыздың жүрегімізде ұстазға деген құрмет сезімі шексіз. Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Осындай жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, білім беру жолында талмай еңбек етіп келе жатқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі қызметтеріңіз жемісті болсын! Сiздерге зор денсаулық, мол береке, ұстаздық жолда шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiн, –деді аудан басшысы.
Аудан әкімі одан әрі білім саласының бағындырған белісте­рі жайында сөз етті. Бүгінгі күні аудан бойынша білім беру ұйымдарында 2825 педагог еңбек етуде. Олардың 2734-і жоғары білімді меңгерсе, 91-і арнаулы орта білімді тәмамдаған. Сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыру мақсатында мемле­кеттiк бағдарламалар қабылданып, кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Жыл сайын ауданымызда заманауи үлгідегі мектептер мен балабақшалар бой көтеріп келеді. Өткен жылы кент орталығынан 600 және 300 орындық 2 жаңа мектеп, Ақүйік ауылдық округінде 90 орындық балабақша ел игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда Жаңақорған кенті, МАИ бекеті мөлтек ауданынан 300 орындық және Байкенже елді мекенінен 150 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталды. Одан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңарық ауылынан 300 орындық және Жаңақорған кенті, Саяжай мөлтек ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы жүруде. Жаңа құрылыстармен қатар 41 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, балалардың қауіпсіз тасымалы үшін 4 жаңа автобус қызмет етуде. Осы жасалып жатқан қамқорлықтардың барлығы балалардың толыққанды біліммен жан-жақты қарулануына берік негіз қалап отыр деуге негіз бар.
Айтулы шарада бірқатар ардагер ұстаздар мен өз ісінің үздіктері марапатталды. Олар­дың қатарында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің «Еңбек ардагері» медалімен Шыңғысхан Айназарұлы мара­патталса, Сандуғаш Егізбаева «Мек­тепке дейіңгі тәрбие мен оқыту ісінің үздігі» атанып, «Құрмет граматасына» ие болды. Осы қатарда Дәмегүл Мамытова, Үрпай Мақұлбекова, Мадияр Әбенұлы, Шамшат Маханбетова да бар. Сондай-ақ Меруерт Камалова, Баян Бимұрзаева, Мөлдір Әбішева, Бану Дәнебекова, Роза Басқожаева, Қарлығаш Аюпова, Министрліктің «Алғыс хатымен» маратталды. Облыс әкімінің «Алғыс хатына» Зоя Ыдырысқызы, Қым­бат Елқондықызы, Ақниет Ераханқызы ие болды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының білім басқармасының «Құрмет» грамотасы Бибісара Шайсламоваға, Бағлан Ахатае­ва­ға, Мереке Әбдімәжитқызына, Ақбота Рысбаеваға табысталды. Ал, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Жәмила Тілеубергенова, Мәдина Тұрлыбекова, Гүлнұр Қаржыбекқызы, Болған Әбдіразаққызы марапатталды.
Жиын соңында аудандық мәдениет саласының майталмандары ұстаздарға арнаған жыр-шашуларымен сахна төрін көріктендірді. Олардың қатарында талантты әнші Құралай Әлиева «Ұстазым, менің ұстазым» әнін шырқаса, «Шабыт» бишілер ансамблінің ұлттық нақыштағы биіне көптің қошеметі артты. «Бисұлтан» би тобының «Алтын Адам» биі көптің көкейінен шықты. Жетіген аспабымен тамылжыта ән салған Нұрай Нуридинге елдің ықыласы бөлек болды. Бесарық өнер мектебі, Әлшекей атындағы өнер мектебі және Түгіскен өнер мектебінің ұстаздарынан құралған оркестрдің сүйемелдеуімен табиғи дауыста шырқалған әндер әр тыңдарманның жүрегінен орын алды. Дәстүрлі шараның қонақтарына аудандық білім бөлімі және кәсіподақ комитеті атынан арнайы сыйлықтар тағайындалып, ұстаз қауымына ерекше құрмет көрсетілді.
Осы мерекеде ауданның үздік бала­бақшалары өзінің ерекше бағыт-бағдарын көрмеге айналдырып, келген көрер­мен­нің қызығушылығын оятты. «Асық» тера­пиясы, «Этноауыл», «Ұлттық тағам мәзірі», «Моторика» ойыны, «Ор қазан» т.б тақырыпты тарқатқан тәрбиешілердің ізденісі көпті сүйсіндірді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
08 қазан 2024 ж. 165 0