Ұстазды ұлықтаған күн
5 қазан – Ұстаздар күніне орайластырылған салтанатты шара қасиетті мекеніміздің әр-әр жерінде білім шырағын маздатып, келешекті кемел білімге сусындату жолында тер төгіп келе жатқан асыл жандарға көрсетілген зор құрметпен ерекшеленді.
Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына байланысты» деген екен. Бейсенбі күні Манап Көкенов атындағы Мәдениет үйінде «Ұстаз деген жарық күні ғаламның» атты тақырыпта салтанатты шара өтті. Жиынды ашқан аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов аудандағы ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
Құрметтi ұстаздар, сала ардагерлері!
Баршаңызды бүгінгі ұстаздар күнi – кәсiби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – қоғамдағы ең құрметтi де қадiрлi мамандықтың бiрi. Өйткенi, адами ізгі қасиеттерге бай шынайы ұстаз өз шәкiрттерiнiң жүрегiнде бiлiмге деген құштарлықты және Отанына деген сүйiспеншiлiктi оятады. Әрқайсымыздың жүрегімізде ұстазға деген құрмет сезімі шексіз.
Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады.
Бүгінгі күні аудан бойынша білім беру ұйымдарында 2825 педагог еңбек етуде. Олардың 2734-і жоғары білімді меңгерсе, 91-і арнаулы орта білімді тәмамдаған.
Сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыру мақсатында мемлекеттiк бағдарламалар қабылданып, кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Жыл сайын ауданымызда заманауи үлгідегі мектептер мен балабақшалар бой көтеріп келеді.Былтыр кент орталығынан 600 және 300 орындық 2 жаңа мектеп, Ақүйік ауылдық округінде 90 орындық балабақша ел игілігіне пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда Жаңақорған кенті, МАИ бекеті мөлтек ауданынан 300 орындық және Байкенже елді мекенінен 150 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Одан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңарық ауылынан 300 орындық және Жаңақорған кенті, Саяжай мөлтек ауданынан 600 орындық мектептің құрылысы жүруде. Жаңа құрылыстармен қатар, 41 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, балалардың қауіпсіз тасымалы үшін 4 жаңа автобус қызмет етуде. Осы жасалып жатқан қамқорлықтардың барлығы балалардың толыққанды біліммен жан-жақты қарулануына берік негіз қалап отыр.
Қадірлі ұстаздар! Осындай жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, білім беру жолында талмай еңбек етіп келе жатқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіргім келеді.
Ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі қызметтеріңіз жемісті болсын!
Сiздерге зор денсаулық, мол береке, ұстаздық жолда шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiн, – деп жылы лебізін білдірді.
Әкім құттықтауынан соң келесі кезек марапаттауларға жалғасты. Білім беру ісінде үздік көрсеткіштерімен танылған тұлғалар қатарында мына төмендегі азаматтарды атауға болады:
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі» Құрмет грамотасымен аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұртанова Фатима, Оқу ағарту министрінің Алғыс хатымен №125 орта мектептің математика пәні мұғалімі Меруерт Оспанова, ҚР Оқу ағарту министрінің Құрмет грамотасымен №163 орта мектебінің директоры Мұхтар Шалысбаев, облыс әкімінің Алғыс хатымен №213 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Камалова және №224 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дана Мырзабековалар марапатталса, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен №52 орта мектептің биология пәні мұғалімі Тұрсынбек Жұпарбаев, аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі Гүлмира Бегайдарова, №242 орта метебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Болатбек Ерімбетов, «Арнайы балабақша» меңгерушісі Жамал Әлібекқызы, №51 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Қалилақызы, №168 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Жанар Нақышпановалар марапатталды. Облыстық білім басқармасы Алғыс хатымен №194 орта мектеб қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мирамкүл Аманбаева марапатталды. Келесі кезекте аудан әкімінің Алғыс хатымен бірқатар ардагер ұстаздар мен өз ісінің үздіктері марапатталды.
Жиын соңында аудандық мәдениет саласының майталмандары ұстаздарға арнаған жыр-шашуларымен сахна төрін көріктендірді. Олардың қатарында талантты әнші Құралай Әлиева «Елге сәлем» әнін шырқаса, «Бисұлтан» бишілер ансамблінің мың бұралған нақышты ырғақтары көп көкейінен шықты.
Осы күні аудандық білім бөлімі басшылығы және кәсіподақ комитеті атынан арнайы сыйлықтар тағайындалып, залда отырған ардагер ұстаздарға түгел тапсырылды.

Баян ҮСЕЙІНОВА