Ұстаз - ұстамы
Бүгін М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде қазан айының алғашқы жексенбісі Ұстаздар күні мерекесіне орай "Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі" атты мәдени көпшілік шара өтті.
Шарада аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы сөз сөйлеп, барша білім саласының қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтай отырып жүрекжарды лебізін жеткізді.
- Ұстаз - қоғамдағы ең құрметтi де қадiрлi мамандықтың бiрi. Өйткенi, адами ізгі қасиеттерге бай шынайы ұстаз өз шәкiрттерiнiң жүректерiнде бiлiмге деген құштарлықты және Отанына деген сүйiспеншiлiктi оятады. Әрқайсымыздың жүрегімізде ұстазға деген құрмет сезімі шексіз.
Ұстаз әрбір шәкіртінің ішкі әлемін, жан дүниесін жете танып, оны байытып, жарқын болашаққа бағыттайтын абзал жан. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сіздер берген білім мен тәрбиенің арқасында бала бойына сіңіріліп жатқан Сондықтан, осы жолдағы Сіздердің ұшан-теңіз еңбектеріңіз қоғам дамуына қосып жатқан табыстарыңыз деп білеміз.
Ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосып келе жақан лайықты үлестеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін.
Қадірлі ұстаздар! Балаларымызға беріп жатқан білім мен таным-тәрбиелерiңiз алдарыңыздан әрдайым алғыс болып шыға берсін.
Сiздерге зор денсаулық, мол береке, ұстаздық жолда шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiн – деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Салтанатты кеш аудан өнерпаздарының концертімен жалғасты.