№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Зейнеткерлер құрмет төрінде

Зейнеткерлер құрмет төрінде


Мемлекеттік салада абыройлы еңбек етіп, бүгінде зейнет жасында жүрген ардагерлерге жыл сайын құрмет көрсетіп, алғыс айту дәстүрге айналған. Биыл да қарттар мерекесіне орай, түрлі салада, оның ішінде техникалық қызметтен зейнетке шыққан қарияларды жинап, марапат биігіне шығарды. Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов аға буынға ізгі ілтипатын білдіріп, аудан әкімінің алғысын жеткізді.


– Мемлекеттік салада талай жылдарын сарп етіп, еңбек жолында абырой биігінде болған аға буынның өнегесі қашанда ізінен ерген іні буынға үлгі. Зейнетте болса да ақылын айтып, сара жолын көрсетіп жүрген ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Олардың әлі де жастарға берер тәлімі, ақыл-кеңесі керек. Осындай ізгіліктен ізі кетпей, көштің ортасында жүрген аға буынға алғыс айтамыз. Қызметтен кетсе де, қасымыздан табылып жүрген өздеріңізді төл мерекемен құттықтай отырып, аудан әкімінің алғысын жеткіземін, – деді Бектас Балғабайұлы.
Марапат мінберінен орын алған мемлекеттік қызмет ардагерлері – Серқожа Ыдырысов, Әлібек Нәлібаев, Пахмадин Айнақожаев, Марат Ыдырысов, Шерхан Әшімов және Нұрғали Досыбаев, Әзия Қыстаубаева, Роза Исаева, Манзура Құлымбектова, Күләш Сүлейменова, Үмугүлсім Әбжанова, Тұрсын Наметовалар қошеметке өз ризашылықтарын білдірді.
– «Ауылыңда қарияң болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған. Бүгінгі біздерге көрсетіліп жатқан құрмет талай жылғы маңдай тердің жемісі деп білеміз. Ұмытпай, елеп-ескеріп жатқан ізімізден ергендерге, тал шыбықтай болып өніп-өсіп келе жатқан жастарға айтарымыз «қарғыс арқалама, алғыс арқала» дейміз. Ел үшін еңбек еткеннің еңсесі әрқашан өзгеден биік тұрады. Бір ауыз жылы сөз жанды жадыратады, сондықтан жылы лебіз, дархан пейілдерің рахмет, айналайындар, – деді қариялар атынан сөз алған Пахмадин Айнақожаев.
Елдік істерде еңкейдім демей, елмен етене болу да ерлік. Қызметтен кетсе де, ақылмандықтан аттап кетпей,жастарға жол көрсетіп жүрген қариялардың өмірлік өнегесі әлі де керек екені ақиқат. Аман болсын, ардагерлер...

Әли ТЕМІРБЕК
05 қазан 2024 ж. 146 0