№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ар ма деген, әлге қуат

Ар ма деген, әлге қуат


Ғасырға жуық ғұмыры бар ауданның әрбір өркендеу мен өрлеуі жолында қаншама тау тұлғалы азаматтар маңдай терін төкті. Кешегі Кеңестік кезеңнен бастап, егеменді ел атанған бүгінге дейін қажырлы қызмет еткен алдыңғы аға буынның еңбегі ұшан-теңіз. Оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Мереке аясында сан саланың жүгін көтеріп, бүгінде зейнетте отырған ардагерлерге құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін аудан әкімі Мұрат Жолкелідұлы үш еңбек ардагерінің отбасына арнайы барып, ауданның 95 жылдық мерекелік медалін табыс етті.


Алдымен ел ағасы Дәрібай Айдарбековтың шаңырағын бетке алған арнайы топ құрамын­да аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Серқожа Ыдырысов, қаржы саласының ардагері Дәулет Қалыбаев және аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбековтер бірге болды.

– Ассалаумағалейкум, аға. Амансыз ба? Биыл ауданның құрылғанына 95 жыл толды. Әрине, аз уақыт емес. Ғасырға жақын уақытта ауданның тыныс-тіршілігінде қаншама тұлғалардың ізі қалды. Оның ішінде сіздердің қолтаңбаларыңыз өз алдына бір бөлек. Төл мерекеміздің аясында сіз секілді елге еңбегі ерен аға буынды алдыға тұтып, ілтипат білдіріп отырмыз. Сіздердің салған сара жолдарыңызбен жүріп келе жатқан бүгінгі жастар туған өлкеге көп қызмет жасауда. Оның нәтижесін көріп келеміз. Өздеріңізге алғысымызды айтып, ақ баталарыңызды алып қалуды мақсат етіп келдік, – деп аудан әкімі Дәрібай атамыздың кеудесіне төсбелгісін тағып, иығына шапан жапты.
Дәрібай Айдарбековтың еңбегін ел біледі. Аудандағы жол саласында да, су шаруа­шы­лығында да ағамыздың ізі қалды. ПМК, ДРЭУ сынды мекемелерде басшылық қызметте болған.
– Биылғы ауданның жетістіктерін көріп қуанып отырмын. Әуелі мерекемен жерлестерімді құттықтап қойғым келеді. Мені сыйлап келіп жатқандарыңызға Алла разы болсын. Облыста озық болып, көш бастағанымызды естіп қуанып қалдым. Бұл аудан әкімі бастаған барша қызмет саласында жүрген азаматтардың, кәсіпкерлер­дің, жалпы жаңақорғандықтардың ортақ жеңісі. Мен әрдайым тілекшімін, – деп ардагер ыстық ықыласын білдіріп, батасын берді.
Ел ағалары келесі кезекте ұлағатты ұстаз, бүгінде 85 жасқа келген ардагер ағамыз Әкім Мансуровтың шаңырағына бас сұқты. Химия пәнінің мұғалімі болған білікті ұстаздың шәкірттері көп. Немере-шөбере сүйіп отырған ардагерге құрмет көрсетілді. Қарияның жары, ұстаз-ана Роза апамыз да келген қонақтарға алғысын айтып, тілектестігін білдірді. Одан әрі Әбдімәлік Әмзеев ақсақалдың отбасына жол түсті. Ауданның қаржы саласында, жалпы мемлекеттік қызметте талай жылдар еңбек еткен ағамызға да арнайы барып, аудан әкімі алғысын білдірді. Әрі, аман-саулығын тілеп, тіршілікте туған елге тілектес болып отырған тұлғадан інілік ізетін аямады.
Аталған ардагерлердің өмір жолдары туралы газетімізде кеңірек жариялайтын боламыз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
31 қазан 2023 ж. 352 0