№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қамқорлық қоғамды қанаттандырады

Қамқорлық қоғамды қанаттандырады

Президенттің «Қайырымды істер марафонын» ұйымдастыру ұсынысын елдегі кәсіпкерлер мен еріктілер, жастар, тіпті өндіріс ошақтары қолдап, жыл басынан бері қаншама көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға баспана үлестіру де жолға қойылды. Жаңақорғанда да бұл игі іс жалғасып келеді. Оның ішінде, «СКЗ-U» күкірт-қышқыл зауыты да әлеуметтік деңгей төмен тұрғындарға қайырымдылық көрсетуді дәстүрлі жолға қойды. Биыл ғана емес, жыл сайын аудан көлемінде игі бастаманы қолға алған мекеме қызметкерлерінің ісі өзгеге өнеге.
Жыл басында әлеуметтік көмекті бірнеше отбасына көрсетті. Мәселен, Кейден ауылдық округіндегі 3 отбасына қыста көмірмен қамтамасыз етіп, тұрмысқа қажеттілікті өтеуге сеп болды.
– Адам баласына ең бірінші жылулық керек, қамқорлық қажет. Біз мұндай қайырымдылықты, ізгілікті «СКЗ-U» ЖШС-нен сезініп келеміз. Барды бар деп айтқан дұрыс, ауылдағы ағайынға демеу бола білген зауытқа алғыстан басқа не деуге болады. Шыны керек, ауылдың тыныс-тіршілігі өндіріс орнымен біте қайнасып жатыр, – деді Бахар Құлтасова.
Иә, ол рас. Кейдендегі күрмеулі мәселелердің шешілуінде зауыттың ықпалы зор. Ауыл әкімі Бақтияр Тоқтыбаевтан бұл жөнінде құнды мәлімет те алғанымыз рас. Әсіресе, аяқ су мәселесінде өндіріс орны көп көмек көрсетуде. Жаңа директор Ернұр Маратбекұлы келгелі қайырымды істердің ауқымы кеңейген. Нурыз мерекесі қарсаңында 10 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік тарқатылса, 100 қап ұн аудан халқына үлестірілді. Одан да бөлек біз білмейтін көмек қолы созылып жатқаны жасырын емес.
Адамдарға игі іс жасауға шабыт беретін, адамдар мен ұйымдарды біріктіретін жалпыұлттық қозғалыс болған марафон мемлекет, бизнес және еріктілердің өзара көмек, ынтымақтастық, серіктестігінің нақты құрылымына негізделген. Сондықтан көмір-қышқыл зауытының бұл бастамаға қолдау білдіруі көңіл көншітеді.
Екінші жағынан экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыру үшін «СКЗ-U» ЖШС қызметкерлері ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмысымен тұрақты түрде айналысуға қамданды. Дәстүрге айалдырып, өндіріс аймағын жасыл желекке айналдыруды мақсат еткен жұмысшы қауым биыл 200 түп талдың тамырын топыраққа түсірді.
Айта кететіні, өндіріс орны тазалық мәселесіне де бей-жай қарамайды. Тазалық айлығында аудан маңын күл-қоқыстан тазартуға жұмылады. Бір сөзбен айтқанда, Ернұр Қожамбердиев басқаратын «СКЗ-U» күкірт-қышқыл зауытының қайырымды істерінен үлгі алуға болады.
Әли ЖАРЫҚБАЕВ
08 мамыр 2021 ж. 440 0