Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар»

«Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар»

Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындарының оқушы, студеттері үшін «Жас ұрпаққа туындаған жаңа қауіп – синтетикалық есірткі заттар» тақырыбында  семинар-тренинг ұйымдастырылды. 
Семинар-тренингтің мақсаты: нашақорлыққа байланысты проблемаларды анықтау және есірткі мен басқа да психоактивті заттарды алғашқы қолданудың алдын алу.
Есірткіге тәуелділіктің алдын - алудың басты ерекшелігі-жасөспірімдерге психоактивті заттарды қолданудың әлеуметтік салдарларын түсіндіру, себебі медициналық салдары туралы жасөспірімдер біледі. Профилактикалық жұмыстың ең тиімді әдісі тренинг сабақтары болып табылады.
Семинар-тренинг жастар мен жасөспірімдер аудиториясымен жұмыс істеудің негізгі әдістемелік талаптарын ескере отырып, аудиториямен «тең дәрежеде» қарым - қатынас жасалуды қолданылды. 
Кездесу барысында, балалардың нашақорлық проблемасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, нашақорлыққа көзқарасын өзгерту, «Есірткіге жоқ!» деп айта білу және денсаулықты сақтауға уәждемені қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Семинар-тренингтерге 10000-нан астам оқушы, студент  қатысты.
30 қыркүйек 2024 ж. 403 0