Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Есірткі бизнесі еліртіп тұр

Есірткі бизнесі еліртіп тұр

Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданында 2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шара мақсаты аудан көлемінде есірткі құралдарын өткізу деректерін анықтаудың және жолын кесудің тиімділігін арттыру.Сондай-ақ жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкету жөнінде деректерді анықтау.
Аталған іс шара аясында химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерінде құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттары бар дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымға түсіруді болдырмау, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын адамдарды анықтау көзделуде.

Ерзақ ЖАҚСЫБЕКОВ
24 ақпан 2021 ж. 904 0