Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЭС-ел экономикасындағы жаңа мүмкіндік

АЭС-ел экономикасындағы жаңа мүмкіндік

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмахановтың келесі сапары «Сунақата» ауылының тұрғындарымен кездесу болды.
Мамандардың айтуынша, Балқаш көлінің жағасында АЭС салу бірнеше өңірде электр энергиясына деген тапшылықты жойып, импортқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, бағаны да тұрақтандырады. Кездесуде атом электр станцияларының артықшылықтары, олардың экологиялық және экономикалық тиімділігі талқыланды.
– «Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі эенергия тапшылығының алдын алуыда АЭС салу мәселесін көтеріп және оны референдум арқылы халықтың таңдауы еркіне беріп отыр. Біздің өңірледегі жұмыс сапарымыздың мақсаты ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қоғамды толғандырған сауалдарға жауап беру. Әрине, түрлі алып қашпа әңгімеле бар. Біздің ең бірінші таңдауымыз АЭС саламыз ба, салмаймыз ба?- деген дүние. Меніңше бүгінгі еліміздің өзге мемелкеттерге энергетикалық тәуелділігінен арылтамыз, тұрақты энергия көзін қамтамасыз етеміз десек, бұл маңызды шешім деп есепетймін», - деді ауыл тұрғындарымен болған кездесуде республикалық халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов.
Сондай-ақ, кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, атом электр станциясын салудың перспективасына қатысты өз ойларын жеткізіп, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған АЭС салу жөніндегі бастаманы қуаттайтындарын білдірді. Ауыл тұрғындары АЭС-тің экологияға әсері, радиациялық қауіптерді басқару және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
26 қыркүйек 2024 ж. 160 0