№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жүйелі бастама жемісін береді

Жүйелі бастама жемісін береді



Азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолға алған басты саяси ұстанымы екенін белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылып, 6 қазанға белгіленген жалпыхалықтық референдумның өткізілуі – бұл жан-жақты ойластырылған, байыппен талдап-таразыланған саяси шешім екенін осыдан-ақ білуге болады.Осы мақсатта елімізде Халықтық штаб құрылып, еліміздің барлық аймағында кездесулер өткізілуде.
Бүгін Жаңақорған ауданына ҚР Парламентінің Cенат депутаты Руслан Рүстемов арнайы келіп, мәдениет үйінде өңірдегі өнер майталмандарымен және кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, көкейдегі сауалдарды ортаға салып, жан-жақты пікір алмасты.– Егер біздің елімізде атом станциясы салынса, бізге жаңа буын технология келеді, физик-ғалымдарымыз сыртқа кетпей, өзімізде жұмыс істейтін болады. Бейбіт атоммен жұмыс істей білетін жастарымыз тәрбиеленеді. Одан бөлек, атом энергетикасы экологиямызға да пайдасын тигізеді. Қазір біз тұтынатын қуаттың 70 пайызы көмір станцияларында өндіріледі. Бұл станциялардың 70 пайызы тозып, ескірген. Көмір түтіні ауамызды ластап тұрса, көмір қалдықтары жерімізді ластауда. Атом станциясынан шығатын парник газының көлемі көмірмен салыстырғанда 135 есе төмен екені айтылуда. Сонымен қатар, осы тұста айта кетейін атом станцияларының салынуы МАГАТЭ – Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттіктің тікелей қадағалауымен іске асады. Жобасы, салынуы, іске қосылуы және жұмыс істеп тұруы – түгелдей халықаралық мамандардың бақылауында болады, – деп дәйекті сөз сөйледі.Қазақстанның қуатты елге айналуы – баршамыздың мұратымыз. Кездесу соңында, Руслан Рүстемұлы еліміздің тағдырына байланысты таңдау сәтінде баршамыз болашағымызға жауапкершілікпен қарауға шақырды.






24 қыркүйек 2024 ж. 202 0