АЭС САЛУ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЖОЯДЫ
Бүгінгі АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық Халықтық штаб мүшелерінің ауданымыздағы сапары «Qamqorlyq» оңалту орталығында денсаулық саласы өкілдерімен кездесумен жалғасты. Жиында АЭС-тің электр қуаты тапшылығын жоюда қосатын үлесінен бөлек, медицинa сaлaсын дaмытуғa тигізетін ықпaлы жaн-жaқты тaлқылaнды.Кездесу барысында штаб мүшесі М.Жайымбетов «Энергия бұл бүгіннің де болашақтың да ең қажеттілігі. Жас мемлекетіміз энергия саласында өзге елдерге айтарлықтай тәуелді. Сол себепті де, энергия көздерін табу, халықты жарықтандыру – бірінші әрі, кезек күттірмейтін мәселе. Ғалымдар елде электр энергетикасына деген сұраныс күннен-күнге артып келе жатқанын айтады. Осы мақсатта АЭС – ең оңтайлы энергия көзі, оған балама жоқ. Бейбіт атом экологиялық тұрғыда таза, сенімді әрі қауіпсіз» - деді өз сөзінде.
– АЭС салу елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, одан әрі экономикалық өсуге және Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын нығайтуға ынталандырады, - деп атап өтті штаб мүшесі Жанкелді Ысқақ.
Ал, штаб мүшесі Нуридин Амитов медицина қызметкерлеріне атом электр станциясы энергия импортына тәуелділікті азайта отырып, елді тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды жоба екеніне тоқталды.
Өз кезегінде сала өкілдері АЭС-тің елімізге тигізетін әсері туралы толық ақпарат алғандарын айтып, маңызды бастамаға қолдау жасады.




