№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлықтан арылу ардың ісі

Жемқорлықтан арылу ардың ісі

   Жыл сайын сыбайлас жемқорлық дерті өршіп барады. Мәселен, Жаңақорған аудандық сотында бір жылда мемлекеттік қызметкерлерден кем дегенде 3-4 іс келіп түседі. Ал жалпы пара беріп, жемқорлық індетін күшейтіп жүргендер қаншама. Ал олармен күресу жалпыға ортақ міндет. Сондықтан, қазақ қоғамы жемқорлықпен күресті күшейтіп, озық отыз елдердің қатарына қосылуға ниетті.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі. Әсіресе дамыған мемлекеттер осы кеселден құтылудың тетігін іздеп, оған қарсы мәдениет қалыптастырудың жолын жүйелеуде. Озық отыз елдің қатарына енуді көздеген біздің мемлекеттің де басты мәселесі сыбайластық дертін жою. Ол үшін қоғамдық сананы күшейту керек. Ең бастысы мемлекеттік заңнамаларды жақсы білу әр адамның адал қызмет етуіне сенімділігін күшейтетінін ұмыт­пағаны жөн. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында одан жалпы жұртшылықтың жиренуі күрестің қуатты құралына айналса игі.
Бұл бағытта Президент «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айтты. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жем­қорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігін түсіндірді. Яғни, жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Сондықтанда әрбір мемлекеттік қызметкер ары да, жаны да таза, сауатты, бәсекеге қабілетті кадр болып қалыптаса, егемен еліміздің қарқынды дамуына өзіндік қомақты үлесін қосары айқын. Осы орайда, аудандық сот ұжымы да Жолдаудан туындаған басым бағыттың бірі – жемқорлықтың алдын алу бағытында қызметкерлер арасында тұрақты түрде түсіндірме жұмысын жүргізіп, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып келеді.

Бибайым НӘЛІБАЕВА,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі
22 желтоқсан 2019 ж. 1 151 0