№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлықпен күрес – қоғам міндеті

Жемқорлықпен күрес – қоғам міндеті

 Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі. Әсіресе дамыған мемлекеттер осы кеселден құтылудың тетігін іздеп, оған қарсы мәдениет қалыптастырудың жолын жүйелеуде. Озық отыз елдің қатарына енуді көздеген біздің мемлекеттің де басты мәселесі сыбайластық дертін жою. Ол үшін қоғамдық сананы күшейту керек, ең бастысы мемлекеттік заңнамаларды жақсу білуі – әр адамның адал қызмет етуіне сенімділігін күшейтетінін ұмытпағаны жөн.


  Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналса игі.
Бұл бағытта Президент «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айтты. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігін түсіндірді. Яғни, жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалуына байланысты. Сондықтанда әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да, жаны да таза, сауатты да, бәсекеге қабілетті кадр болып қалыптаса білсе, егемен еліміздің қарқынды дамуына өзіндік қомақты үлесін қосары айқын. Осы орайда, аудандық қазынашылық басқармасы ұжымы да, Жолдаудан туындаған басым бағыттың бірі – жемқорлықтың алдын алу бағытында қызметкерлер арасында тұрақты түрде түсіндірме жұмысын жүргізіп, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып келеді. 
Гүлнұр ЕРКІНБЕКҚЫЗЫ,
Жаңақорған аудандық қазынашылық
басқармасының бас
маманы
16 қараша 2019 ж. 824 0