Халықтық штаб: Атом энергетикасы – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту кепілі

АЭС-тың агроөнеркәсіп кешеніне тигізер әсерін Халықтық штаб мүшелері «GREEN Land ALATAU» ЖШС еңбек ұжымымен талқылады. Бұл – жылына 9 мың тонна қияр өсірілетін озық жылыжай кешені. Өнімнің басым бөлігі сыртқы нарыққа шығарылады.