№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Облыстық халықтық штаб мүшелері М.Нәлібаев ауылында

Облыстық халықтық штаб мүшелері М.Нәлібаев ауылында

Бүгін АЭС-ті қолдау бойынша облыстық Халықтық штаб мүшелері Серік Дүйсенбаев Серік, Жорабек Нұрымбетов және Нұриддин Әмитов референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Жаңақорған ауданында болып, М.Нәлібаев ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу аясында облыстық штаб өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауындағы халықтың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге назар аударып, 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екендігі туралы атап өтті.
– Атом энергетикасы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Іргелес салалар үшін орасан зор әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкеледі. Айналаға қарасақ, жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бірден бір жолы болмақ. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және еліміздің экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды", – деді Жорабек Ибрагимұлы.
Өз кезегінде штаб мүшелері АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады деп атап өтті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
13 қыркүйек 2024 ж. 292 0