Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » РЕФЕРЕНДУМ: ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҮГІСКЕН, ҚОЖАКЕНТ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

РЕФЕРЕНДУМ: ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҮГІСКЕН, ҚОЖАКЕНТ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЭС құрылысын қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Өмірсерік Тақырбасов, Дәулет Қалыбаев, Қаржыбек Бүркітбаевтар Түгіскен, Қожакент ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты. Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беруде.
- Егер біз де дамыған елдер қатарына қосылғымыз келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз керек. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді, - деді штаб мүшесі Өмірсерік Тақырбасов.
Кездесуде тұрғындар АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды.
11 қыркүйек 2024 ж. 514 0