Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Құтырма ауруы

Құтырма ауруы — аса қауіпті, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы індетке жатады.
Ауру қоздырғышы — өте ұсақ вирустар. Табиғатта аурудың қоздырғыштары қасқыр, түлкі, қарсақ секілді жыртқыш аңдарда  сақталады. Қолға үйреткен жануарлары, ит пен мысықта  бұл ауруға жиі шалдығады және адамдардың, басқа да үй жануарларының құтырмамен ауруына себеп болады. Құтырма —ақыры өлімге әкеліп соғатын аса қауіпті ауру. Құтырма  дүниежүзінде кең тараған, онымен барлық  жануар мен адам ауыра береді. Қоздырғыштар ауырған жануардың ми жасушаларында өсіп-жетіліп, сілекейі арқылы тарайды. Жануар адамды немесе басқа жануарларды тістеп, қапқанда, жараға жұққан  сілекейі арқылы ағзаға түседі де, қан арқылы нерв талшықтарына жетіп, орталық нерв жүйесіне қарай жылжиды. Жұлын жасушаларында қоздырғыштар өсіп-жетіледі. Сол себепті қоздырғыштар түскен жара неғұрлым  нерв жүйесіне жақын болса, солғұрлым қауіпті, ауру туу мерзімі тез болып келеді. Мысалы бас, мойын, бет және ұсақ жүйке талшықтарына бай қолдың саусақтары аса қауіпті орындар болып саналады.
Қоздырғыш енген жерде алғашында қышыма пайда болып, невролгия сипаттас ауру сезімі дененің басқа жерлеріне беріле бастайды. Адамды қорқыныш билеп, қатты алаңдап, күйзеліске ұшырайды. Ауру белгілері басталғаннан 1-3күн өткен соң ол судан, жарықтан, шудан қорқа бастайды. Жарық сәулесі немесе аздаған жел лебінің өзі, судың сылдыры адамның денесін құрыстырып, дірілдетіп, қалшылдатады. Әсіресе тыныс жолдарының бұлшық еттері қарысып, тұншығады.  Құтырмамен ауырған адамның жазылуы қиын.
Құтырма ауруын алдын алу шаралары:
Қаңғыбас,  бұралқыиттер мен мысықтарды аулау, жою, жануарларды үй жағдайында ұстау ережелерін сақтау,  үй жануарларын құтырма ауруына қарсы профилактикалық егу;
Жануарлар тістеуінен, сілекейленуінен, тырнауынан зардап шеккен адамдардың  бірден медициналық көмекке жүгінуі;
Дәрігер тағайындаған антирабикалық екпені схемаға сай алу маңызды. Зардап шеккендер емдеу-профилактикалық егуді 5 рет алады. Екпе қабылдап жүргенде қатты ыстықтан, салқыннан қорғану қажет және алкогольді ішімдіктер ішуге болмайды.
Адамдарды тістеп алған ит, мысық және тағы басқа жануарларды мдейтін  (ветеринарлық) мекемеге жеткізіп, 10 күн бойы бақылау керек. Адамды қапқан жануарды өлтіруге болмайды, өйткені бақылау қорытындысы бойынша алдын ала емдеу тактикасын таңдау қажет болады.
Үйде ұстайтын иттер мен мысықтарды жыл сайын құтырма ауруына қарсы еккізіп отыру керек, серуендету жөніндегі ережені сақтау керек. Кез келген адам иелігіне жаңадан сатып алған итті тіркеуден өткізіп, ектіруге міндетті. Кешкі уақытта итті тек жабық аулаға жіберу керек. Жалпы ортақ аулаға немесе серуендету үшін көшеге итті тек қысқа қарғыбаумен және мұрындықпен шығару керек.
Құтырмамен ауырған адам сауықпайды, бірақ алдын алуға болады. Зардап шеккен адамды сақтандырудың бірден-бір шарасы — егу. Сондықтан сырт көзге дені сау болып көрінген жануардың тістеуінен немесе тырнауынан зардап шеккен жағдайда да дереу дәрігерге көрініп, дәрігер тағайындаған емнің толық курсын алуды ұсынамын.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
28 қазан 2024 ж. 196 0