№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін аса қауіпті жұқпалы ауру

Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін аса қауіпті жұқпалы ауру

Құтырма ауруы - адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен әлі күнге  дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ аса қауіпті аурулардың қатарына жатады.
Құтырманың вирусы қарым-қатынас арқылы, яғни ауру жануар тістеген, сілекейленген кезде беріледі.
Адамдар тез арада арнайы ем-екпе қабылдамаса, құтырмамен ауру жағдайлары 100% қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұрлым нәтижелі болмақ.
Құтырма белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез-келген уақытында кездеседі. Құтырмамен ауырған адамдарда аурудың жасырын кезеңі 7 күннен 1 жылға дейін созылады.
Құтырма ауруының клиникалық көріністері: жарақат алған жер ауырып ысиды, ауру адам алқынып демалады, ауырсынып және қиналып жұтынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді, ұйқысы бұзылып, әлсіздік пайда болады. Аурудың бастапқы кезеңі өткеннен кейін дене қызуы көтеріледі, суды көргенде немесе есіне түсіргенде жұтынудың бұзылуы болады, көп ұзамай аэрофобия, яғни ауаның кез келген қозғалысы, науқаста қылғынумен жалғасатын ұстамаға әкеліп соғады, ондай жағдай жарық түскенде, қатты дыбыстанда болуы мүмкін, ұстаманың соңында ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлінеді, адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып аласұрады, дене құрысып сал болып қалады.
Құтырмамен ауырған адамда 100% өлім жағдайымен аяқталатынын ескерткіміз келеді.
Жануардан жарақат алған уақытта жануар құтырған болуы мүмкін деген ой келсе жедел түрде хирург дәрігеріне қаралу керек, мүмкіндігінше жарақаттаған жануардың иесінің аты-жөні, мекен жайын білу керек.
Қандай жағдайда да жануарды өлтіруге болмайды, себебі жарақаттаған жануарды мал дәрігеріне көрсетіп, 10 тәулік бойы бақылау керек және мал дәрігері сол жануардың денсаулығы жайлы анықтама беруі шарт.
Жарақаттанған жерді кір сабынның судағы ерітіндісімен, ағынды судың көп мөлшерімен, сутегі асқын тотығымен жақсылап тазартып, жарақатты жаппай ашық қалдырыңыз, зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде құтырма ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі.
Екпе жұмыстарын өз бетімен тоқтатуға немесе медицина қызметкерлері белгілеген тәртіпті (қатты қыздырыну, тоңу, алкогольді пайдалану және т.б.) бұзуға болмайды, мұндай жағдай орын алса  жүргізілген емдік шаралардың тиімділігі төмендейді.
Құтырма ауруының нақты емі жоқтығын ескеріп, түрлі жануарлардан жарақаттанудан сақтанып жүргеніміз абзал.

Ж.Нұрсұлтанова,
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
басшы орынбасары
05 наурыз 2024 ж. 264 0