№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы мен алдын-алу жолдары

ЖРВИ және тұмау аурушаңдығы мен алдын-алу жолдары


Тұмау ауруы мезгілдік аурулардың қатарына кіреді, аурушаңдықтың өршу кезеңі қазан айынан бастап-сәуір айы аралығына сәйкес келеді.


Аудан бойынша 2023-2024 жылғы эпид маусымда 1 қазанынан 2024 жылдың 8 ақпаны аралығында жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан 2781 адам емдеу орындарына қаралып есепке алынған, былтырғы жылдың осы кезеңінде ЖРВИ шалдыққан 3640 адам емдеу орындарына қаралған, оның ішінде ауыр ағымдағы 40 науқас зертханалық тексерумен қамтылып, 1 науқаста тұмау вирусы зертханалық нақтыланды, 2022-2023 жылы маусымдық кезеңде 3 науқаста тұмау вирусы нақтыланған.
Тұмау немесе грипп – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар, өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин және нейраминидаза болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың қоздырғышын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады.
Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез жойылады.
Тұмау вирустары - екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вирустар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды Тұмау вирусы өте тез тарайды.
Ауру көзі – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1-4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Адам басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1-2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, дауысы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың мұрны бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін.
Алдын-алу шаралары:
-көп адам жиналған жерде болмауға тырысу;
-бөлменің ауасын жиі тазарту.
-тұмауға қарсы екпе салдыру.
-алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
Ауданда 2023 жылдың қазан айында 8638 адам тұмауға қарсы вакцинамен егілді, оның ішінде жиі ауыратын 2168 балаға және 60 жастан жоғары дипсансерлік есептегі 6470 ересек адамға егу ұйымдастырылды.
Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау және емделу шаралары:
-науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;
-науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу;
-инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу;
-жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;
-аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігер шақыру;
-дәрігердің нұсқауына сай ем қабылдау.

Ш.Айдарова,
Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
13 ақпан 2024 ж. 330 0