№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Отбасы – шағын мемлекет

Отбасы – шағын мемлекет


"Отбасы күні" апталығы аясында бүгін «Ордакент» ардагер, жастар ресурстық орталығында жас жұбайлардың неке қию рәсімі ұйымдастырылды.

Маңызды сәтте жастардың некесін Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Жаңақорған аудандық азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Азимханқызы қиып, жас жұбайларды құттықтады.
Мұнан соң ардагер анамыз Роза Бектасқызы жаңадан отау тіккен жастарға батасын беріп, ақ тілегін арнаса, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Наурызбай Ерікұлы жастардың отбасылық өмірлеріне сәттілік тіледі.
Жаңа өмірге қадам басып, шаңырақ көтерген М.Нәлібаев ауылының тұрғындары Бекарыс Өтегенұлы мен Раушан Бектұрғановаға көтерген шаңырақтары биік, керегелері кең болсын деген ниетпен арнайы сый-сияпат табысталды.
04 қыркүйек 2024 ж. 659 0