№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мықты отбасы – мықты мемлекет негізі

Мықты отбасы – мықты мемлекет негізі


15 мамыр – Отбасы күніне орай аудан әкімінің әйелдер ісі, отбасы және гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Роза Исаева мен «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының басшысы Әзия Қыстаубаеваның ұйымдастырумен АХАЖ бөлімінде «Алтын той» иелері мен жаңадан отау тіккен жас жұбайларға ресми түрде неке куәлігі табысталды.


1975 жылы Нұрдин Исмаилов пен Ким Маргарита отасқан-ды. 50 жылға жуық бір шаңырақ астында тұрып, өмір өткелдерін бірге бағындырған бұл отбасы неке жүзіктерімен алмасып, тағы жарты ғасыр бір-біріне адал болуға уәде етті. Қиындықта да, қуанышта да бірге болған өнегелі отбасы осы күндеріне тәубе етеді.
– 46 жыл бұрын ғана осындай күйде болған едік, керемет әсерде тұрмыз. Көзді ашып жұмғанша жарты ғасыр өтіпті. Бақытты ғұмыр кешу үшін, әйелдер, яғни, қыз-келіншектерге сабырлы болу керек. Екінші жартысының көңіл-күйі, үй жұмыстарының басым бөлігі соларға жүктеледі. Біз бақытты отбасымыз деп айта аламыз. Екеуміздің сыйластығымызға ел қызығады, – дейді жарасымды отбасы.
Жарты ғасыр отасып, тағы бір неке куәліктерін қолдарына алған алтын той иелері Исмайлов Нұрдин мен Ким Маргаританың қуанышын жүздерінен байқауға болады. Үлгілі әке, өнегелі ана атанып отырған той иелері өмір – бақи бақытты, ең бастысы, бірге ғұмыр кешудің құпиясын жақсы біледі.
Сондай-ақ, неке қию кезегі жас отау иелеріне келді. Алғаш рет адалдықтың, шексіз өмірдің белгісі саналатын неке сақиналарын тағып, өмірге қадам басқан жастардың жүзінен қобалжу мен қуанышты қатар көруге болады. Жас жұбайлар Мақсат Орынхожа мен Ақниет Сейітқасымқызына аға буын өкілдері біздің жолымызды берсін деп, ақ батасын берді.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. Отбасы мықты болса, мемлекет те мықты болады.

Әсел КЕҢЕС
18 мамыр 2021 ж. 793 0