№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

   Жыл сайын әр адамның ақ арманына арқау болған әз Наурызды көпшілік асыға күтеді. Әсіресе, осы күні өз отауын тігіп, шаңырақ көтергендер үшін ерекше мейрам.


    Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мажит Балқожалы Балқожаев, аудан әкімінің әйелдер істері жөніндегі кеңесшісі Азия Қыстаубаеваның қатысуымен неке куәлігін салтанатты түрде табыстау шарасы өтті. Отау тіккен Ержан мен Әселдің отбасылық өмірлеріне құтты қадам тілеп, өнегелі жанұя болуға тілек білдірді.
Қазақстанның үлгілі отбасы болуға уәделерін берген қос ғашық, барша қонақтарға алғысын білдірді.

Е.Раймбек.

21 наурыз 2019 ж. 1 254 0