№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік күні шаңырақ көтерді

Тәуелсіздік күні шаңырақ көтерді


Шалқиялық Нариман Еркінбекұлы мен Сара Рахметуллақызы Тәуелсіздік мерекесі күні шаңырақ көтерді. Заңды некелерін қию рәсімін «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында салтанатты түрде өткізді. Шаңырақ шаттығына куә болған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлнар Абдуллаева мен кенттік әйелдер кеңесінің төрайымы Сырғагүл Болғанбаева жас жұбайларға ақжарма тілегін білдірді.


– Бүгін ауданымызда тағы бір жас отбасы келіп қосылды. Отан – отбасыдан басталса, қоғам – екі жастың жараса көтерген шаңырағынан құрылатыны кәміл. Шүкір, үйленіп, үйлі болдыңдар. Қиналсаң жасып кетпеуіңе себепкер болып, дем беретін – жалғыз жан-жарың. Қандай жағдайда да әйел күйеуіне, күйеуі әйелі сүйенеді. Енді қуанышты да, қайғыны да бөлісіп, ортақтасып, өмірлік жарыңның әр уақытта қасынан табылуды мақсат тұтыңдар. Өмірлік серігім деп бас қосқан жарыңды сыйлап, оның артық-кем мінезін түсініп, кешірімді болу – кішірейгендік емес, керісінше әдептілік. Ендеше, жақсы жардың жанын жаралап, көңілін қалдыратын мінезден аулақ болыңыздар. Тәуелсіздік күні тіккен шаңырақтарың биік, керегелерің кең болсын, – деді Сырғагүл Болғанбаева.
Мұнан кейін сала маманы Гүлнар Абдуллаева екі жасқа неке куәлігін табыстап, риясыз тілегін жеткізді. Жас келінге қашанда ерін сыйлаған келіншек етекте қалмайтынын тілге тиек етті. Жалпы әйел баласы есебін тауып еңбек етсе, барлығының да берекесі кіретінін айтты.
– Біз отбасылық құжатымызды осын­дай салтанатты жағдайда аламыз деп алдын-ала жоспарлаған бола­тынбыз. Осындай ізгілікті шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Біздің үйлену тойымыз ұлық мереке – Тәуелсіздік күніне тұспа-тұс келгені жақсылықтың белгісі деп білеміз. Бұл күн – біз үшін тарихи сәт. Алдағы уақытта туған өлкенің дамуына үлесімізді қосып, бақытты отбасы болуға бар күшімізді саламыз, – дейді жас отау иесі Нариман Еркінбекұлы.
Айта кетейік, шалқиялық Нариман Шалкия кент әкімдігінде төрт жылдан бері әскери есеп жөніндегі жауапты маман болып қызмет етіп келеді. Ол өзінің үйлену тойында неке куәлігін салтанатты жағдайда алуды бірнеше ай бұрын жоспарлаған.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
25 желтоқсан 2019 ж. 607 0