№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Адалдығым – асыл қорғаным

Адалдығым – асыл қорғаным


Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Қай қоғамда да ұстаздың орны төр. Қадірлі мамандықтың иесі атанып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкіртің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ұстаз, аудан орталығындағы №3 мектеп-интернаттың директоры Серік Абдуллаев ағайымызды бүгін осындай құрметтің төрінен көрдік.


Отыз жылға жуық оқу-ағарту саласында тер төгіп, ұстаздық ұстанымынан жаңылмай, абыройды еншілеген аға әріптестері алдында ағынан жарылып, өмір тарихынан сыр шетті.
– Отбасында 6 баланың ең үлкені едім. Орта мектептен соң «Қызылорда совхоз техникумында» оқып, ауылшаруашылығы техник-механигі маманды­ғын алдым. Одан әрі отан алдындағы борышымды Белоруссия жерінде өтеп қайттым. 1984-1986 жыл­дар аралығында аудандағы «Госкомсельхозтехника» мекемесінде слесарь, кейін инженер болдым. Бірақ жүрек қалауым – мұғалімдік еді. Соған жақындай түсу талабымен аудан орталығындағы №17 кәсіптік-техникалық училищесіне өндірістік оқу шебері болып орналастым. КазМУ-дың тарих факультетін өндірістен қол үзбей жүріп оқып, тәмамдадым. Осыдан бастап тарих пәнінен дәріс бердім. Қабатында комсомол комитетінің хатшылығын атқардым. Одар әрі Жаңа­қорған аудандық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бас маман болып қызмет атқардым. 1995 жылы аудан әкімінің шешімімен аудан орталығындағы №163 орта мектепке директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым. Бес жылдан соң №110 орта мектепке әлеуметтік-педагог қызметіне ауыстырылдым. 2014 жылдан №110 мектеп-лицей директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым. 2012 жылғы Жаңақорған аудандық мәслихатының 5-шақырылымында және 2016 жылғы 6-шақырылымында аудандық мәслихат депутаты болып сайландым. 2023 жылдың 2 ақпанында конкурстық негізде «№3 жалпы білім беретін мектеп-интернатының» директоры қызметіне тағайындалдым, – деді ұлағатты ұстаз.
Тарихы тереңде жатқан мектептің басқару ісін дөңгелете әкетіп, ұстаз ретінде оқушы жүрегінен жол таба білген басшының риясыз жанашырлық пен салмақты көзқарасты қатар ұстай білетін, өзіне қандай талап қойса өзгеден де соны талап етіп, сол талапты орындата алатын бірегей тұлға, халық жанашыры бола алғанына аудан жұртшылығы куә. Отбасында аяулы жар, салиқалы әке, ардақты ата атанды.
«Жақсының тамыры тереңде, оны ешкім шаба алмас, жарығын шашар еліне» деп текке айтылмаса керек. Ұлағатты ұстаз басқарған білім ордасы бүгінде алдыңғы көштен танылып келеді. Мерейлі ұстаз осындай еңбектің арқасында «Қазақстан Республи­касы Конституциясының 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медальдары және Ел Президентінің Алғыс хатына, Қызылорда облыс әкімі және облыстық мәслихаты хатшысының Құрмет грамотасына, Қызылорда об­лыстық білім басқармасының Құрмет грамотасына ие болды. Аудан әкімінің Алғыс хаттарына ие болды. Бұл марапаттардың барлығы – ұжымның бірлігіне тірек болған ұстанымының, үлкен еңбектің, көрегенділік пен ізгілікке толы жүрек жылуының нәтижесі деп нық сеніммен айта аламыз.
Зейнет жасқа жеткен мерейтой иесіне аудандық білім саласы ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі­нің төрағасы Аллаберген Ахметов, білім саласының ардагері Ерғали Ильясов, аудан ауылшаруашылығы саланың үздігі Алмасбек Нәлібаев, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Мажитов және өз әріптестері алғаусыз тілектерін жеткізді.
Ғибратты ғұмырын өнегеге айналдырып, маман­дығын дұрыс таңдай білген, ізгілікке толы өмірін білім беру ісіне арнаған жанашыр ұстаз, ардақты әке, білікті басшыға зейнеттің тек тәтті жемісін көріңіз деген тілегімізді қосамыз. Мәртебелі мамандықты абыроймен алып жүрумен қатар айналаңызға жан жүрегіңіздің жылуын төккен жанашыр үлгі-қалыбыңыз көпке өнегесімен қымбат демекпіз.

Әсел Рзаева
03 қыркүйек 2024 ж. 450 0